Түркістан облысында қай саланы жемқорлық жайлаған?

124

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтан көш бастап тұрған сала тұрғын-үй қатынасы. Ағымдағы жылдың 7 айында бұл сала бойынша 12 қылмыс анықталған. Ал, тоғыз дерек тіркелген полиция органы екінші орында тұр. Білім саласы бойынша 8 жағдай тіркелген.

Әлеуметтік бағытында жеті жемқорлық іс белгілі болған. Жер қатынасына қатысты — 6 дерек, құрылыс саласында 5 дерек тіркеліпті. Осылай деген сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы бұл әрекеттер бойынша соталды тергеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Хәкім Көшқалиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы: «Биыл 7 айдың ішінде біздің облыста 57 жемқорлық қылмысы тіркелді. Олардың ішінде 21 парақорлық, 4 алаяқтық және 18 жымқыру әрекеті. Облыста сыбайлас жемқорлық әрекетінен көш бастап тұрған сала — тұрғын-үй қатынасы. Ол бойынша 12 қылмыс. Әрине барлық жемқорлық әрекеттер бойынша соталды тергеу жұмыстары жүріп, әр істің ақ-қарасы қаралды».

Сондай-ақ, департамент басшысы халық арасында түсіндіру жұмыстарының жиі ұйымдастырылатынын алға тартты. Әрі жемқорлық жайында хабарлаған азаматтарға сыйақы беріледі дейді. Жыл басынан бері осы мақсатқа 1,5 миллиона теңге жұмсалған екен.

Мөлдір Ибадуллаева