Бүгін көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалануға құқық беретін аукцион өтеді. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін өткен бірінші аукционға 10 жер қойнауы учаскесі қойылған.
Сонымен бірге, 23 сәуірде 8 аумақ электрондық сауда-саттыққа шығарылды. Еске салайық, былтырдан бері жер қойнауы учаскелеріне аукцион онлайн өтеді. Сауда-саттық арқылы жерге меншік құқығы емес, тек жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін айта кетейік.
Шынар Оразова