Úı ANONS Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 51 дерегі тіркелді

Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 51 дерегі тіркелді

Түркістанда жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар көбейген. Аталмыш дерек бойынша жыл басынан бері  51 дерек тіркелді. Ал бюджетке түскен қаржы 9 миллиардтан асты. Заң бұзғандарға қандай шара қолданылады? 

 

2025 жылы Түркістан облысында жер қойнауын пайдаланушылардан аймақ  бюджетіне  9,1 млрд теңге  түскен. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды.  Бұдан бөлек аймақта лицензиясы тоқтатылған және игерілмеген жерлер бар. Оны мемлекет меншігіне қайтару жөнінде арнайы комиссия құрылған.

Дегенмен, жыл басынан бері аймақта заңсыз жер қойнауын пайдаланған 51 дерек тіркелген. Полиция залал көлемін есептеу үшін деректерді өнеркәсіп және индустриалды-инновация даму басқармасына жолдаған.

Облыс әкімі жиында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу керек екенін қадап айтты. Сонымен бірге пайдалы қазбаларды заңсыз қолданушыларға қарсы мобильді топтардың жұмысын жандандыру, өзен-көлдер мен карьерлер тұрақты бақылауда ұстау керектігін ескертті.

Ресми мәлімет бойынша, аймақта пайдалы қазбаларды өндіретін 221 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олар 75 келісімшарт және 146 лицензия негізінде жұмыс істейді.

Дилара Иса