Жер қойнауын пайдалануға құқық беретін аукцион өтеді

68

Бүгін көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалануға құқық беретін аукцион өтеді. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін өткен бірінші аукционға 10 жер қойнауы учаскесі қойылған.

Сонымен бірге, 23 сәуірде 8 аумақ электрондық сауда-саттыққа шығарылды. Еске салайық, былтырдан бері жер қойнауы учаскелеріне аукцион онлайн өтеді. Сауда-саттық арқылы жерге меншік құқығы емес, тек жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін айта кетейік.

Шынар Оразова