Жұмыссыз мәртебесін алу барысы жеңілдеді

67

Жұмыссыз мәртебесін алу процедурасы жеңілдеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

«Адам жұмыссыз ретінде тіркелуі үшін қосымша дәлел талап етілмейді. Олар Жұмыспен қамту орталықтарымызға онлайн немесе жеке куәлігімен офлайн форматта жүгінеді. Біз оларды тіркеуге аламыз. Екінші форматы – бұл Электронды еңбек биржасы сайты арқылы. Олар өтініш жібереді. Бірақ электронды цифрлық қолтаңбаны қолдануы қажет. Біз өз кезегінде ішкі салыстыру, тексеру жүргіземіз. Зейнетақы жинағына төлем жасады ма, еңбек қатынасында тұра ма, жоқ па? Яғни азаматқа жұмыссыз қалғандығын дәлелдеудің қажеті жоқ», — деді Ержан Біржанов.

Айтуынша, бұрындары жұмыссызды есепке алу үшін 10 жұмыс күні қажет болатын. Бүгінде бұл процедура 3 жұмыс күніне дейін қысқарып отыр. Егер адам өтінішті аптаның басында берсе, онда апта соңына қарай ол жұмыссыз мәртебесін алады.