Алиевтер отбасы

239

Алиевтер – Шымкент қаласындағы ең өнерлі түрік отбасы. Әулет ақсақалы Бачак Алиевтің жалғыз ұлынан 4 немересі бар. Қазақ жерін ата қонысы деп білетін отбасы қазақ ұлттық дәстүрін бұлжытпай орындайды. Бұл әулет Алиевтер ансамблі ретінде көпке танымал. Бәрінің де суырыпсалмалық және жезтаңдай әншілік өнері бар.

Башат Алиев, Шымкент тұрғыны: «Мен әкемді көрген емеспін. Әкемнің інісінің тәрбиесінде болдым. 1944 жылы біздің ата-бабаларымызды Кавказдан Қазақстанға жер аударды. Тауарлы пойызбен тасымалдаған. Бір айдай жол жүріп жеткен. Ауруы бар, сырқауы бар, өлгендерді вагондардан лақтырып отырған. Сондай қиыншылықпен осында келгенбіз. Қызыл сай станциясына тоқтаған ата-бабаларымызды ат арбаға толтырып, колхоздарға бөлген. Біз «Ленин жолы» колхозына бөлген. Қазақ аталарымыздыңқамқорлығында болдық».

Жұртшылық өнерлі отбасының қонақжай көңілі мен ыстық ықыласына тәнті болады екен.