Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көпқабатты 24 үйдің ауласында абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан күнделікті тұрақты бақылауда.

Абаттандыру барысында аталған мекемелердің инженер-сарапшы мамандары орын алған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қолданып, қадағалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Сала жауаптылары тұрғындарға Еңбекші ауданы аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысында кемшіліктерді байқап, анықтаған жағдайда аудан әкімі аппаратының 43-30-40 телефон нөміріне немесе +7 708 326 10 58 WhatsApp нөміріне хабарлауын сұрайды.