3 қыркүйек күні Түркістан қалалық полиция басқармасына ер адам жергілікті тұрғынға пышақ салып, жарақаттағаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға таңғы 10:20 шамасында орын алған.

Қаскүнем әйелдің үйіне кіріп, пышық жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақты аралап, жәбірленушінің көршілерімен сұхбаттасып, қалада орнатылған бейнебақылау камераларын қараған.

Күдікті бірнеше күн бойы жасырынғанымен, бейнебақылау камераларының арқасында қолға түсті дейді. Зардап шеккен тұрғын дереу арада ауруханаға жеткізілген. Шабуылдың себебі жарияланған жоқ. Дегенмен, қаскүнем қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бахтияр Калдаров, Түркістан облысы ПД тергеу тобының лейтенанты: “Бұл фактіні полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша тіркеді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда”.

Гүлдана ДӘУРЕН