28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезі өтті. Форумға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және 384 делегат қатысты.
Олардың қатарында Шымкент қаласының әкімі, орынбасарлары және сала басшылары да бар. Жиында бизнестің бірқатар түйіткілді мәселесі көтерілді.
Атап айтсақ, ауыл шаруашылығын қаржыландыру, шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийді жою және құрылыс материалдары құнының күрт өсуіне байланысты жұмысы тоқтатылған нысан құрылыстары мәселесі айтылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ЕАЭО елдері мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға да баса назар аударды.
Гүлдана Дәурен