Азаттықтар жанайқайын жеткізді

123

Қала іргесіндегі «Азат» шағынауданының тұрғындары арызын айтып арнамызға келді.  «Жергілікті биліктің берген сансыз уәдесіне әбден тойдық деген олар, Неге шенеуніктер шалғайдағы елдімекендердің инфрақұрылымын жетілдіру қажет деген президенттің тапсырмасын орындамайды? Бұл түрімізбен қашан біз өркениетке қол жеткіземіз», — деп ашынып отыр.

Жаңа өмір көшесінде жиналған «Азат» шағынауданына қарасты 237 орамның тұрғындары қашан ел қатарлы өмір сүреміз дейді. Қалаға жету мұң деп шағымын айтқан тұрғындар, аймаққа бір ғана №182 автобус қатынайтындығын жеткізді. Арыз иелерінің сөзінше, мұндағы жолдың да сапасы сын көтермейді.

«Көшеміз орталық көшеге дейін созыла ма десек. Жоқ оның ортасындағы жер телімі жекенікі екен. Енді қашан жол төселеді?», дейді «Азат» шағынауданының тұрғыны Әбдіхалық Оразов.

Жыр болған жағдаятқа қатысты жауапты мамандарды да сөзге тарттық. Айтары, төмендегіше болды.

«Жаңа өмір көшесіндегі жолдың бір бөлігі жекенікі оны қазір мемлекет мұқтаждығына аламыз. Биыл жолға асфальт салмаймыз барлық коммуникация біткен соң ғана», дейді  Шымкент қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының өкілі Фарида Қадырбаева.

Азат шағынауданындағы әйелдер қауымы,» Сайрам ауданынан Шымкент құрамына енгенімізде қатты қуанып едік, қалалықтар сияқты тұрмысымыз жақсарады ма деп. Қайта керісінше қиындап кетті» дейді.

«Сайрамнан мемлекеттік акт алып өттік қалаға осында енді рәсімдей алмай, онсыз балаларымызды ешқайда кіргізбей жатыр», Азат шағынауданының тұрғыны Күлажар Қосанова.

Шалғайдағы елдімекенге инфрақұрылым кезеңімен жүргізіліп келеді-ақ . Алайда орталық көшедегі құрылыс жұмыстары сын көтермейді. Төселген асфальт алдағы жауында шашылып , қыстан кейін құрдым болатынына еш күмәніміз жоқ дейді тұрғындар.

Жергілікті маманданрыд бұл жайтқа да жауабы бар.

» Жолдың құрылысын адал алаңы барлығы тексереді Ол аяқталған жоқ»,  дейді олар.

Азаттықтардың айтуынша, бұл мәселеге жергілікті билікпен қатар «НұрОтан» партиясының орталық аппараты қанық екен. Шағымдарымызға құр уәдеден басқа жауап ала алмадық қазірше. Сонда біз кімнен қолдау күтеміз, дейді ашынған халық.

«Бармаған жеріміз, баспаған табалдырығымыз қалмады. Хатты» НұрОтанға» да Президентке де жаздық, жауап бар интернетті қосып беріңдер..Сонда мына документтерге кім жауап береді айтыңыздаршы»,  дейді «Азат шағынауданының тұрғыны Назира Тамабаева.

Жауаптылар бірден барлық мәселе шешіле салмайды дейді. Өйткені жобалық -сметалық құжатты әзірлеу, мемлекеттің сараптамасынан өткізу деген талаптар бар.Сабырлық танытса, қаланың даму жоспары бойынша шалғайдағы елдімекендерді инфрақұрылыммен қамту бес жылда яақталады.

Шынар Оразова