Д. Қонаев даңғылы қазан айында ашылады: Жұмыс қызу жүргізілуде

104

Д. Қонаев даңғылы қазан айының басында ашылады деп жоспарланып отыр. Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған. Бүгінде көлік қозғалысын белгіленген мерзімде ұйымдастыру үшін құрылысшылар күн-түн демей жұмыс істеуде. Ал Тұрар Рысқұлов атындағы көшені толығымен қараша айында бітіреміз дейді жауаптылар.

Д. Қонаев даңғылы қазан айында ашылады деп жоспарлануда. Демек үшінші мегаполистегі кептелістің азаяр күні де алыс емес. Ал қазір мұнда қайнаған жұмыс жүріп жатыр. Күн-түн демей жұмыс істеп жатқан құрылысшылар халық игілігіне пайдаланылатын жолды мерзімінде тапсыру үшін тер төгуде.

Мұрат Шеңгелбаев, «Bazis Construction» ЖШС өкілі: «Қазір міне бартер жолдың бәрін асфольт төсеп дайындап келе жатыр. Ал мына жердің барлығы бір-екі күнде асфальт болады. Барлығы қазанға жанталасып жатыр. Бетонда мысалы 60 адам жүр. Күндізгі сменде 40 адам, 20 адам. Күн-түн үсзбей циркулияциямен жұмыс жасап жатырмыз».

Ал Т. Рысқұлов көшесі қараша айында іске қосылады. Сонымен құрылысты бір жыл ішінде толығымен аяқтаймыз дейді мамандар. Жалпы жолаыйрық салу үшін кемінде 2 жыл қажет деген құрылысшылар бұл ең аз мерзімде салынған жоба болатынын жеткізді.

Нысан құрылысына жауапты мердігер — «Bazis Construction» ЖШС-гі. Жолаыйрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша — 1 030 метрді құраса, Т.Рысқұлов көшесі бойынша — 684,7 метр. Жолдың ені — 45 метр шамасында.

Айта кетейік, мегаполистің көркін аша түсетін жолайрық құрылысының құны 7 млрд. теңге.

Мөлдір Ибадуллаева