Ереже сақталмаса, 58 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

92

Шымкентте табиғи газдан улану фактілерінің алдын алу мақсатында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Жиынға қатысқан сала мамандары жылыту маусымында тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Үшінші мегаполис жылу маусымына қаншалықты дайын? Ережені елемегендерге қандай шара қолданылады?

Табиғи газ қолдану ережелерін сақтамаған тұрғындарға 7-ден, 20-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Яғни, қауіпсіздік шараларын елемегендер енді 20 419 бен 58 340 теңге аралығында шығындалуы мүмкін. Осылай деген газ-инспекциясының мамандары бүгінде тек мегаполис жұртының 58 пайызында ғана стандарт сақталған дейді. Тексеріс нәтижесінде басым бөлігінің мұржалары бірнеше жыл бойы тазаланбаған және гофралары дұрыс жалғанбағаны анықталған. Бір рет ескерту жасалған мұндай пәтерлер енді қатаң бақылауда болатынын жеткізді.

Фархад Уркенбаев, Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ-техникалық инспекциясы бөлімінің басшысы: «Жыл басында үйішілік газ жарықтандыру келісімшартын жасаған тұрғындардың пайызы. Бізде 186 мың тұтынушылар бар. Солардың 10-ақ пайызы еді. Ал бүгінгі таңда 107 мың тұтынушы келісімшартқа тұрған. Бұл шамамен 58 пайызды құрайды. Ол әлде де аз».

Төтеншеліктер де оқыс жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздікті күшейту керек дейді. Мәселен өткен жылғы маусымда газдан уланып 4 адам қаза болған. Өкініштісі, оның екеуі кәмелетке толмаған бала дейді мамандар.

Сондай-ақ, сала жауаптылары улы иістен сақтану үшін арнайы белгі беретін дыбыстық қондырғыларды орнатуға кеңес береді. Құны шамамен 5-10 мың теңге көлемінде болса да, тигізер пайдасы зор дейді.

Мадияр Жақсыбаев, Шымкент қаласының ТЖ департаменті бастығы: «Табиғи газ түнде шығып қалса ол анықтайды сигнал береді. Кәдімгідей дауыс шығады. Содан адам оянады да өшіреді. Сигнал шыққанымен өзі де кранды жаба алады. Яғни, автоматты түрде жұмыс істейді. Сондай датчик бар. Екінші датчик автономды құрылғы ол улы газды анықтайды. Мысалы үшін ол газдың иісі жоқ. Ал датчик тұрады да шырылдайды. Сол кезде білуге болады мына жерде улы газ шығып тұр ғой деп».

Ал пәтерде газдың иісі байқалған жағдайда барлық шүмектер жабылып үйдің іші желдетілуі керек. Әрі тұрғындар бірден 104 сенім телефоны арқылы қауіпсіздік қызметін шақыру тиіс дейді мамандар.

Мөлдір Ибадуллаева