Есеп комитеті 2 мыңға жуық мемлекеттік органға тексеріс жүргізбеген. Сенатор Андрей Лукиннің пікірінше, бұл мекемелер қаржыға қатысты заңсыз әрекетке баруы мүмкін.

Оны аудит кезінде анықталған өрескел қателік дәлелдейді дейді. Ол өңірлерде де аудиторлық тексеріс көбіне жүйесіз жүргізілгенін айтады.

Мәселен, Алматы облысында 770-тен аса тексерістен тек 347 заңбұзушылық анықталған. Есесіне аудиторлардың іс сапарына 65 млн. теңге шығын кеткен. Ал мемлекеттік кіріс – 106 млн. теңге. Осылайша тексеру комиссияларының қазіргі жұмысы жеткіліксіз дейді депутат.

Шынар Оразова