«Фиркан» ЖШС-і аумағында өрт шықты

125

 

01.09.2021 ж.сағат 02-07-де «101» пультіне Тәуке хан даңғылында орналасқан «Фиркан» ЖШС аумағындағы өрт туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері көлемі 927 ш. м. құрайтын минералды сусындар сақтайтын қойманың жанып жатқандығын анықтады.
Судың үздіксіз берілуі объектіге жақын орналасқан екі өрт гидранттарынан қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Шымкент станциясының өрт пойызы, коммуналдық қызметтердің су тасығыштары жұмылдырылды.

Өртті 03-46-да оқшаулап, 05-42-де толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен материалдық шығындар анықталуда.
Өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге сыйымдылығы 80 л 3 оттегі балонды және сыйымдылығы 50 л 1 газ балонын шығарды.

Өрт орнына Шымкент қаласы ТЖД-нің 72 қызметкері мен 16 техникасы, жеке құрамында 10 адам Шымкент стансасының 1 өрт пойызы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Нұр сервис» ЖШС, «Бәйтерек ЛБ»ЖШС 6 қызметкері және 6 бірлік техникасы тартылды.