Инсульт орталығы тәулік бойы қызмет көрсетуге көшті

128

Шымкент қаласындағы №2 аурухана базасындағы инсульт орталығы енді тәулік бойы науқастарға медициналық көмек көрсетіп, ота жасай алады. Бұл өлім-жітімнің алдын алып, инсульттің салдарынан пайда болатын мүгедіктік санын азайту мақсатында болмақ.

Мұнда инфекциялық стационар жұмысын тоқтатып, 17 қыркүйектен бері аурухана қалыпты режимде жұмыс жалғастыруда. №2 қалалық ауруханада соңғы үлгідегі аппараттармен өкпені жасанды тыныстандыру, цифрлы рентген сынды инсульт ауруын емдеуге қажет ақппараттар орнатылған.

Айта кетейік, 24 сағаттық режимдегі инсульт орталығында білікті мамандар 20 науқасқа күрделі ота жасаған. Оның ішінде 18 науқасқа инсульт, 2 науқасқа жүрек-қан тамырлары бойынша тіліксіз операция жасалды. Хирургиялық ем алған науқастардың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылған.

Жанерке Хумар