Көпұлтты отбасының тарихы

119

«Әулет тарихы» жобасы Шымкентте тұратын түрлі этнос өкілдерінің тұрмыс-тіршілігін әңгімелеуді жалғастырады. Әріптестерім ең-ең интернационал отбасының үйіне барды. Олардың бәрін бір күш – Отанға деген махаббат, Қазақстанға деген сүйіспеншілік біріктіреді.

Жолдаспаевтар отбасы ең интернационал отбасы атануға лайық. Әулеттің тамырынан 10 ұлттың қаны ағып жатыр. Міне, сондықтан да қаладан қалаға ғана емес, елден елге көшуінің де құпиясы осында болса керек. Әйткенмен олар барлық уақытта Шымкентке оралады екен.

Бұл отбасы салт-дәстүрін жақсы ұстанады. Әйтсе де кезінде құшақ жая қарсы алған қазақ жеріне қарыздар екенін, көмек етіп, қолдаған қазақ еліне ризашылығын білдіріп, айтып отырады.

Жолдаспаевтар отбасының айтқанындай, барлық қарым-қатынастың бастауы – ДОСТЫҚ. Осы қасиет әулет ынтымағын жарастырып, бірлігін бекем етеді.

Жанерке Хумар