Нысана көздеуден Азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті

92

Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш іс-шара 10 қыркүйек басталып, 20 қыркүйек мәресіне жетеді. Жарысқа 11 мемлекеттен жиналған 120-дан астам спортшы сынға түседі.

Жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Спорттық атудан Азия конфедерациясының президенті шейх Салман Әл-Сабах қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Қаламыз осындай жарыстарды өткізу үшін барлық мүмкіндіктер ашты. Заманауи спорттық кешендер салынып, халықарылық деңгейдегі чемпионттарды өткізуге жағдай жасалуда. Спорт достық пен сыйластықты арттыруға қызмет етеді».

Дүбірлі жарысқа қатысушылар «Shymkent Shooting Plaza» ату кешенінде бақ сынасады. Ресми делегация, спортшылар мен қатысушылар әр 3 күн сайын COVID-19-ға ПТР тестін тапсыратын болады. Қазіргі таңда ел қоржынында 1 алтын және 1 күміс жүлде бар.

Әлихан Файзханов