Өткен тәулікте 2 252 адам Кви жұқтырған

44

Елімізде өткен тәулікте 2 252 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 126-ы Шымкентте, 58-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 271-ге жетіп отыр. Оның 77-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 43 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 61 356 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 10 343 пациент стационарға жатқызылған.

Ал, 51 013-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 805 адамның жағдайы ауыр, ал 212 пациенттің халі өте ауыр. 135 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 623 541 адамға жетті.

Оның 2-ші компонентін 6 545 254 адам салдырды. Ал Шымкентте 524 100 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 423 422 алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 893 679, II компонентін 727 053 адам салдырған.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Шымкент қаласы сары, Түркістан облысы жасыл аймақта.

Мөлдір Ибадуллаева