Сайрамда «Әл-Кәусар» медициналық орталығы ашылды

70

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінде жеке кәсіпкер Шерзад Нишановтың демеушілігімен медициналық орталық бой көтерді. Аталған «Әл-Каусар» медициналық нысан 70 төсек – орынға лайықталған.

Мекеменің құрылыс жұмыстарына 120 млн. теңге жұмсалған. Орталықтың ашылуына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов арнайы қатысты.

Мекеме заманауи үлгідегі барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталық 35 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Айта кетейік, облысты медицина саласына тартылған инвестиция көлемі күн санап артып келеді. Жекеменшік клиникалар Ордабасы, Шардара ауданында және Кентаудада салынып жатыр. Медицина саласын дамытуға жан – жақты күш салынады»,- деді облыс әкімі.

Диана Біржанова