Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 594 542 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 500 573 адам салдырды. Ал Шымкентте 520 645 тұрғын екпе қабылдаған.
Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 420 705 алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 890 500, II компонентін 719 282 адам салдырған. Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1 925 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 125-і Шымкентте, 37-і Түркістан облысында тіркелген.
Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 857-ге жетіп отыр. Оның 147-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 33 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 29 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 61 490 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 10 368 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 51 122-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 848 адамның жағдайы ауыр, ал 207 пациенттің халі өте ауыр.
126 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Үшінші мегаполис сары белдеуде болса, Түркістан облысы жасыл аймақта тұр.
Мөлдір Ибадуллаева