Шымкентте алғаш рет қисайған сүйекке ота жасалды

89

Шымкентте алғаш рет ерекше ота жасалды. Қалалық клиникалық балалар ауруханасында 14 жастағы жасөспірімге күрделі сүйек операциясы істелді.

Жабық өткен ота кезінде мамандар науқастың қисық өскен шынтақ сүйегін хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіріп, емдеп берді. Зардап шеккен қыз осыдан бірнеше жыл бұрын қолын ауыр жарақаттап, алған соққы салдарынан сүйегі дұрыс қалыптаспай өскен.

Ортопед-травматолог Бағжан Тұрдықұловтың айтуынша, науқасқа ота бірден жүргізілмеді. Себебі, мұндай күрделі ота түрі баланың сүйек өсуі тоқтаған кезде ғана жасалады. Операция кезінде баланың сүйектері қайта қалпына келтіріліп, өспей қалған сүйектері арнайы құрылғымен бекітілді. Балалар дәрігерлері мұндай отаны Шымкентте алғаш рет жасап, оң нәтижеге қол жеткізіп отырғандығын айтты.

                                                                                              Айнұр Бекасанова