«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 19.03.2015 жылғы № 18-04/245 бұйрығының 2-тарауы 12-тармағы 3) тармақшасы негізінде, «Алатау батыр» және «Иқансу» су айдындарына конкурс өткізілетіндігі жөнінде хабарландырудың 02.09.2021 жылы «Мемлекеттік мүлік тізілімі E-QAZYNA.KZ»  активтерді басқарудың цифрлық платформасында  (www.gosreestr.kz) жарияланғандығын  хабарлаймыз.

Конкурс 17.09.2021 жылы сағат 11-00-де өткізіледі.

Конкурс талаптары «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 19.03.2015 жылғы № 18-04/245 бұйрығында көрсетілген.

Ұйымдастырушы – Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы.

1. Алатау батыр көліТүркістан облысы, Шардара ауданы аумағында Алатау батыр ауылдық округінен 19 км қашықтықта, Шардара қаласынан 26 шақырымда орналасқан. Ұзындығы 0,433 км, ені 0,209 км, ауданы 9 га, тереңдігі – 3 м.

Конкурстық өтінімдер 17.09.2021 жылғы сағат 10:55 дейінгі мерзімде қабылданады.

Алатау батыр көлі және (немесе) учаскесі – 49 жылға дейінгі мерзімге бекітіледі.

Конкурсты өткізу тәртібі бойынша веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:

жеке тұлғалар үшін:

– жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

заңды тұлғалар үшін:

– бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, e-mail).

2. Иқансу су қоймасыТүркістан облысы, Кентау қаласыаумағында, Иқан ауылында, Кентау қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Ұзындығы 0,386 км, ені – 0,560 км, ауданы – 35 га, тереңдігі – 5 м.

Конкурстық өтінімдер 17.09.2021 жылғы сағат 11:55 дейінгі мерзімде қабылданады.

Иқансу су қоймасы – 49 жылға дейінгі мерзімге бекітіледі.

Конкурсты өткізу тәртібі бойынша веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:

жеке тұлғалар үшін:

– жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

заңды тұлғалар үшін:

– бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, e-mail).

 

Ескертпе: Түркістан облысы көлемінде орналасқан резервтегі жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына конкурс өткізу туралы хабарландырулар  «Мемлекеттік мүлік тізілімі E-QAZYNA.KZ» активтерді басқарудың цифрлық платформасында (www.gosreestr.kz) жариялананып отыратын болады.