Түркістан: Ағын су мәселесі шешіледі

119

Түркістан өңіріндегі ағын су тапшылығы 6 жоба арқылы шешіледі. Оның жалпы аумағы 267 млн.м3 құрайды. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен отырыста іске асырылып жатқан ірі су нысандарының құрылысы айтылды. Оның айтуынша, аталмыш жұмыстар толық аяқталғанда ағын су тапшылығы түбегейлі шешілмек.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Ең үлкен мәселе ол – су мәселесі. Әр цифраға, әр обьемға жауап беретіндей жағдай болу керек».

Үкімет қаулысымен облыстағы 5 су нысаны Қаржы министрлігі бұйрығымен республикалық меншіктен облыстық меншікке өткен. Оларды күтіп ұстау мақсатында «Бөген арнасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Қазір онда 200-ге жуық штаттық бірлік жұмыс орны ашылып, 30-дан астам арнайы техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар, жауаптылар жиналыста орын алып жатқан кемшілікті тілге тиек етті.

Нұрбек Бадырақов, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Ордабасы, Сайрам, Кентауды қосқанда 200 млн. ағын су жыл сайын жетпейді бізде. 520 млн. су келеді транзитпен, 320 су қойманың сыйымдылығы болса, келіп-кетуімен жалпы жыл сайын 520 келеді. Ал бізге 720 керек. Оның бәрі содан шыққан. Бізге қазір бүкіл парктеріміз бар, жасанды көл бар, есу каналы бар, шаға көлі бар. Соның бәрін қосқан кезде 50 млн. тек қаланың өзіне су керек».

Әлихан Файзханов