Түркі әлемі мен туыстық қауымдастық арасындағы мәдени-саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, екі ел арасындағы бауырластықты нығайту мақсатында құрылған арнайы делегация өкілдері Түркістан облысына іс-сапармен келді.
Делегацияны Түркі әлемі Парламенттер қорының төрағасы Чалышкан Абдуллах бастап келді. Өңірдің туристік әлеуетін таныстыру, сондай-ақ Түркістан қаласын Халықаралық туристік орталық ретінде таныту мақсатында Түркі әлемі Парламенті қоры өкілдерін облыс аумағымен таныстыру ұйымдастырылды.
Делегация ең алдымен «Отырар» қалашығы, «Арыстанбаб кесенесі» секілді мәдени-тарихи орындарға тоқтады. Сондай-ақ, Түркістан қаласының жаңа келбеті таныстырылып, «Керуен-Сарай» туристік кешені, «Ұлы дала Елі орталығы» сынды нысандарға экскурсия ұйымдастырылды.
Гүлдана Дәурен