Түркістанда оннан аса пәтер тонаған күдікті ұсталды

155

Түркістанда 10-нан астам пәтер ұрлығына қатысы бар жас жігіт құрықталды. Осы жайт бойынша жергілікті тұрғын қалалық полиция бөліміне арызданған.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне терезе арқылы белгісіз азамат кіріп, ақша мен автокөлік доңғалақтарын және жинақ сандықшасын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 700 000 теңгеге жуық, ал жалпы зардап шеккендерге 4 миллион теңге көлімінде залал келтірген. Аталған жайт қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Нұржан Мұсабаев, Түркістан ҚПБ бастығының орынбасары: «Түркістан қаласының полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерімен жүргізілген іс-шара кезінде 2020 жылдан бері ұрлық жасап келе жатқан пәтер ұрлықшысы күдікті ұсталды. Қазіргі таңда ол қылмыскерден 10-нан астам пәтер ұрлық жасағаны анықталды. Айғақ заттар тәркіленді, бас шарасы қамауға алынып, тергеу амалдары толығымен жүргізілуде».

Әлихан Файзханов