Түркістанда «Ұлы дала мұрасы» сахналанды

116

Түркістанда «Астана Балет» театрының гастрольдік сапары басталды. Астаналық ұжым заманауи «Конгресс Холл» ғимаратында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Авахридің «Ұлы Дала мұрасы» атты туындысын сахналады.

Қойылымға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен өнерсүйер қауым қатысты.

Нұрсұлу Сейдеханова, Кентау қаласының тұрғыны: «Бүгін «Астана Балет» театрына келіп, көрермен болып қатыстық. Өте керемет әсер алдық. Әсіресе бұл Астана театрының өте атақты өнерпаздары мықты, өнерлері мықты екен. Және өзімізге эстетикалық өте керемет әсер алдық, костюмдері керемет, билері де. Жақсы демалдық».

Қазақ халқының болмыс-бітімін паш еткен қойылымда мың бұралған бишілер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен өткен кеш жұртшылыққа асқақ рух, эстетикалық ләззат сыйлады.

Зина Сайлауқызы, Кентау қаласының тұрғыны:  «Түркістанға бүгін балет болғаннан кейін билетті алып, келіп көрдік. Балет өте жоғары деңгейде болды деп айтамын. Мына пандемиядан бір жылдай біраз отырып, шығармашылық күш алдық».

Әлихан Файзханов