Түркістан қаласын көгалдандыруға шетелдік ғалымдар да тартылмақ. Жасыл желекті жайқалтуда жаңа технологиялар мен минералды тыңайтқыштар қолданылады.
Кент келбетін әрі қарай ажарландырып, тынымсыз еңбекпен жасалған дүниені күтіп ұстау үшін креативті идеялар қажет. Осылай деген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев міндетін дұрыс атқармаған компаниялармен келісімді бұзып, жұмысты өзге мекемелерге тапсыруды жүктеді. Бүгінде қала 32 секторға бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, қала ішінде қарағай, терек, емен, үйеңкі, шаған ағашы және өрік, алма секілді жеміс ағаштары да егілген.