Ж. Тәшенов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

67

Шымкенттегі Жұмабек Тәшенов көшесі – көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі болып табылады. Бұл көшеде қазіргі уақытта Н. Төреқұлов көшесінен Төлеби көшесіне дейінгі аралықта, жалпы ұзындығы 1,8 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жобаның сметалық құжаттарында жалпы 35400м2 аумаққа асфальтобетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тасты мастикалық қоспамен жоғары қабатына төсеу қаралған. Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған.

Құрылыс жұмыстары «Серік Бизнес Құрылыс» ЖШС-гіне жүктелген. Ал техникалық қадағалаушы «Expert-M» ЖШС-гі.