Жанармайды автомобильмен экспорттауға салынған шектеу 6 айға ұзарады

96

Жанармайды автомобильмен экспорттауға салынған шектеу тағы алты айға ұзарады. Мұнай өнімдері ішкі нарықта жеткілікті болуы үшін оны ел аумағынан сыртқа көлікпен жеткізуге болмайды.

Соңғы рет 9 мамырда бензин, дизель отыны мен өзге мұнай өнімдерін тасуға тыйым салынған. КТМ Энергетика министрлігінің хабарлауынша, тек жанармайға арналған ыдыс пен көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыста экспорттауға шектеу жоқ.

Шынар Оразова