Úı ANONS Жертөледегі жасырын «егін»

Жертөледегі жасырын «егін»

Шымкентте үйдің жертөлесінде есірткі өсірген тұрғын құрықталды. Қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы заңсыз әрекеттің жолын кесті. Жедел-іздестіру шаралары барысында жергілікті тұрғынның жертөлесінен арнайы жабдықталған фитонарколаборатория анықталған. Күдікті тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге бейімдеп, қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз еткен.

БАУЫРЖАН ҚАРБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПД  ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: «Тексеру барысында құрамында есірткі заты бар өсімдік — марихуана, сондай-ақ оны өсіруге арналған техникалық құралдар тәркіленді.  Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде».

Құзырлы орган өкілдері есірткі заттарын заңсыз өсіру, сақтау және тарату  қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Мұндай заңсыз әрекеттер қоғам қауіпсіздігіне зор қатер төндіреді. Сондықтан әрбір азамат заң талаптарын сақтап, күмәнді жағдайлар туралы тиісті органдарға хабарлауы тиіс. Тек осылай ғана құқықбұзушылықтың алдын алып, қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге болады.

Нұргүл Жолымбетова