Автокөліктен ақша ұрлаған азамат ұсталды

122

2021 жылдың 6-қазанында Абай АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға көшеде тұрған «Ниссан» маркалы автокөлігінен 150.000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға бағалы заттарын көлікке қалдырмауға кеңес береді.

Егер Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі