Бостандыққа шығу үшін қылмыскерге қандай дайындық керек?

64

Жыл басынан бері, 167/2 колониясынан 66 адам бостандыққа шықты. Жазасын өтеушілер арасында, темір тордан шыққан сәтте, қылмыс жасап, абақтыға қайта оралып жатқандар да аз емес. Мұндай жайттың алдын алу үшін не істеу керек?

Бұл жігіт – 25 жаста, осы уақытқа дейін түрмеге үш рет түскен. Оның айтуынша, жанұясында, отағасын тосып отырған әйелі мен балалары бар екен. Сотталушының сөзінше, ол алғашқы рет жеңіл қылмыспен колонияға жабылған. Жазалау мерзімі аяқталып, еркіндікке шыққасын қылмыстың бірнеше түрін жасап, нәтижесінде темір торға қайта тоғытылыпты.

«Қылмыс жасамауға барынша тырысамын, ақымақтық болды, бұйырса қайта шығып жақсы жолмен жүріп жанұямды отбасымды асыраймын», дейді ол.

Бұл бөлмеде психолог мамандар, ауыр қылмысы үшін сотталғандарға арнайы сабақтар өткізеді. Барысында, қылмыскерлер, еркіндікте қалай дұрыс өмір сүру керектігін үйреніп, осы мақсатта түрлі жаттығулар жасайды екен. Мысалы, жазаланушы шарды үрлеу арқылы, өмірдегі ең қиын сәттерін оған жіберіп, сол сәтте шарды жарып жібереді.

Жаттығу жасау барысында, шарды жармай, жай ғана аспанға ұшыруды құптайтын сотталушылар да кездеседі екен.

Психологтар, бостандыққа шыққан азаматтар, абақтыға қайта оралмасына ешкім кепілдік бере алмайды дейді. Дегенмен, жазасын өтеушілердің басым көпшілігі, жаңа өмір бастап, отбасын құруға және өмірден өз орынын табуға тырысады екен.

Нұргүл Қайназарова, психолог: «Қылмыскерлермен жұмыс жасау бізге оңайға соқпайды. Бостандыққа шыққандардың ішінде 66-ның, 6 -ы ғана қайта келді, демек психологиялық көмектің нәтижесі бар деп ойлаймын».

Статистикаға бойынша сотталғандар арасында бостадыққа шыққаннан соң, қайта түрмеге түсушілер кездеседі екен. Қателікке қайта ұрынатындардың басым бөлігі, өз отбасы жоқ, жалғызбасты жандар көрінеді.

Аида Қарсыбайқызы