Халық санағы -2021: Онлайн өту мерзімі ұзартылды

148

Халық санағынан онлайн өтуге болады. Облыс және қала тұрғындарынан түскен өтініштерға байланысты санақтан онлайн өту мерзімі 30-шы қазанға дейін ұзартылды.

Статистика бойынша қалада 1 млн. 099 867 адам санақтан өтуі тиіс. Дегенмен қазірше санақтан 880 мыңға жуық азамат өткен екен. Сала мамандары шымкенттіктерді белсенділік танытып, маңызды шарадан тыс қалмауға шақырады.

Он жылда бір өтетін халық санағында әрбір азамат маңызды. Сондықтан қазан айының бірінен бастап интервьюерлер үй-үйді аралап, мәліметтерді жинауда. Шымкент қаласы бойынша статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, 1-ші қыркүйек пен 15-ші қазан аралығында өткен онлайн-санақ функция 302 мыңнан астам азамат, яғни шаһардағы халықтың 27.5 пайызы пайдаланған. Осы әдістің тиімділігін алға тартқан азаматтар онлайн санақтан өту мерзімін ұзарту жөнінде өтініш жасаған.

Естай Жақаев, Шымкент қаласы бойынша статистика департаментінің баспасөз хатшысы: «Өңірлерден қаладардан өтініш түсіп онлайн ұзартылды. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды. Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ».

«Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өтіп жатқан халық санағында қала тұрғындарының белсенділігі қандай?.

Естеріңізге қала кетейік, азамат санақтан онлайн өтсе, үйіне келген интервьюерге хабарламаны көрсетеді. Сауалнама қайта жүргізілмейді. Санақтан онлайн өту мүмкіндігінен бөлек дәстүрлі әдіс те бар.
Әсел Уәлиханова, Шымкент қаласы бойынша статистика департаментінің бөлім басшысы: «Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары! Сұхбатшылар келсе, толық мәліметті берулеріңізді сұранамыз. «Қазақстанда әрбір азамат маңызды!».

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда халық саны 19 029 507 адам. Олардың 14 млн. 279 мыңға жуығы санақтан өткен. Халық санағы мәресіне 30 қазанда жетеді.

Шынар Оразова