Көшені ластағандарға айыппұл…

140

Шымкентте бір тәулікте абаттандыру ережесін бұзған 7 тұрғынға әкімшілік шара қолданылды. Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.

Еңбекші АПБ-ның ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен ағымдағы жылдың 16-қазанында «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында 7 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осы орайда, шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.