Үкіметте цифрландыру отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесін құру шаралары туралы баяндап берді. Осы жұмысқа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі де жауапты.
Жаңа жүйеге сәйкес, жер қоры және жылжымайтын мүлік нысандары туралы ақпаратты кадастрлық карта арқылы алуға болады. Биыл мамыр айында жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді тестілік режимде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
2021 жылдың соңына қарай БМЖМК-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта БМЖМК, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйелері, «Мекенжай тіркелімі» мен өңірлік геоақпараттық жүйелерді біріктіретін бірыңғай платформа құрылатын болады.
Шынар Оразова