Елімізде өткен тәулікте 1 742 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 41-і Шымкентте, 42-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 719-ға жетіп отыр. Оның 45-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 63 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

22 қазандағы жағдай бойынша елде 51 216 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 8 851 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 42 365-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 625 адамның жағдайы ауыр, ал 172 пациенттің халі өте ауыр. 109 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 124 473 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 7 269 888 адам салдырды. Ал Шымкентте 540 965 тұрғын екпе қабылдаған.

Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 494 352-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 959 525, II компонентін 857 223 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде.

Ал «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

                                                                                              Мөлдір Ибадуллаева