Қалмахан Омаров

60

Қалмахан Омаров, «Отарар төбенің баурайында Талапты деген ауыл бар. Сол ауылда дүниеге келгенмін. Со заманда ауылда мәдениет ошақтары жоқ, радио жоқ, тіпті жарық та жоқ. Сол ауылға жылына бір рет концерт қойылатын. Сол концертті тайлы тұяғымыз қалмай барып, көретін едік. Сол бала көзбен қарағанда керемет дүниелер еді. Шардарадан өнерпаздар көп келетін. Домбырамен ән айтатын әншілерді тыңдағанда керемет әсерге бөлеуші еді».