Қазақстандықтар 2025 жылы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

116

2025 жылы Қазақстан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады. Президент тапсырмасына сәйкес, 2 мыңға жуық елді мекенде орталықтандырылған сумен қамту және тазарту жүйелері салынады.

Бұл ауылдарда 1 миллионннан астам халық тұрады. Сонымен қатар, жайылымдардың өнімділігін арттырудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Сумен қамтамасыз ету және оны үнемдеу мақсатында 120 магистралды каналдар қайта құрылады.

Алты аймақта 9 су қоймасы салынады. Бұл жөнінде  ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Шынар Оразова