Úı ANONS Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп жатыр

Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп жатыр

Еліміздің сыртқы қарызы көбейіп жатыр. Ұлттық банктің мәліметі бойынша Қазақстан сыртқа 166 миллиард 700 миллион доллар берешек. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,3 пайызға, яғни, 6 миллиард 700 миллионға көп.

Ал ең көбі Нидерландыға берешекпіз- 44 миллиард доллар. Одан кейін Ұлыбриятания — 23, АҚШ — 13, Франция — 11 және халықаралық ұйымдарға 11 миллиард доллар қарызбыз.

Ұлттық банктің хабарлауынша берешектің көп бөлігі жеке ұйымдарға тиесілі. Талап бойынша ол да мемлекеттік қарыз болып саналады.

Шынар Оразова