Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханада Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының директоры Олжас Бекарысов келіп, шеберлік сабағын өткізді.
Білікті маман омыртқаларды тері арқылы транспедикулярлық бекіту бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Травматолог дәрігер шеберлік сабақ аясында жергілікті мамандармен екі науқасқа тізе буынын ауыстыру, аминэктомиямен омыртқаның транспедикулярлық бекіту, омыртқаны жабық транспедикулярлық бекіту және омыртқа дискісінің жарығын алып тастау сынды бес ота жасалды.
Айта кетейік, институт мамандары буын омыртқа дертін емдеуге қажетті протездерді, түрлі тірек аппараттарды өздері ойлап тауып, оны операцияларға кеңінен қолданып келеді.
Гүлдана Дәурен