Шымкент: Қалаға келген туристер саны 2 есеге артқан

124

Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартысында қалаға келген туристер саны 158 224 адамға жеткен.

Бұл өткен жылға қарағанда 2 есе жоғары көрсеткіш. «Жыл соңына дейін толық есепте қала экономикасына 19 млрд. теңге қаржы түседі деп жоспарлап отырмыз» дейді басқарма басшысы.

Есептік кезеңде жұмыстар 4 бағыт бойынша жүзеге асқан. Маркетингтік ілгерілету бағыты бойынша қалада «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы құрылған.

Бүгінге дейін орталық тарапынан 115 тегін экскурсия ұйымдастырылып, 11 мыңға жуық туристке қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, туристерді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында VISIT-SHYMKENT.KZ порталы іске қосылған.

 Гүлдана Дәурен