Абай ауданы полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғынынан арыз келіп түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша әлеуметтік желі арқылы белгісіз азамат ақшаңды көбейтіп беремін деп алдағанын көрсеткен. Яғни, ол салған ақшаң еселеп қайтарылатын болады деп сендіріп, 600 000 теңге алған. Алайда арадан біршама уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған. Содан алаяққа алданғанын түсінген тұрғын полицейлердің көмегіне жүгінді.
Аталған жайт негізінде ҚР ҚК 190-бабы, яғни «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-не тіркелді. Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жәбірленушінің ақша салып жіберген банк қосымшасы арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды.Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, алаяқ азаматтың жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, басқармаға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласының полицейлері қала тұрғындарына таныс емес азаматтарға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Сондай-ақ жеке мәліметтерді, не болмаса ақшаны әлеуметтік желі арқылы ешкімге жібермеуге кеңес береді.