Түркістан: Діни конфессия басшылары кездесті

144

Түркістанда өңірдегі діни конфессия басшыларының қатысуымен «Рухани келісім» күні өтті. Аймақ басшысының орынбасары Сәкен Қалқаманов төрағалық еткен жиында дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды.

Рухани жүздесуде ҚМДБ облыстағы өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, Шымкент епархиясының Түркістан қаласындағы жергілікті православиелік діни бірлестігінің жетекшісі Виталий Смольянов сөз сөйледі.

Жиынға төрағалық еткен Сәкен Қалқаманов облыстағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі мен қоғамдағы рөлі туралы айтты.

Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі – қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Елбасының бастамасымен Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты өтіп жүр. Дәл қазір еліміздегі дін саласындағы мәселелер дұрыс шешімін тауып қана қоймай, дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп айта аламыз».

Бүгінде 752 мешіт елге қызмет етіп жатыр. Сонымен қатар өңірде 6 діни конфессияға енетін жалпы 784 діни бірлестік жұмыс істейді. Олардың қатарында исламдық емес бағыттағы 30 жергілікті діни бірлестіктер мен оның 2 филиалы бар.

Әлихан Файзханов