Шымкент қаласы Тұтынушы құқықтарын қорғау департаменті 3 тоқсанды қорытты. Департамен өкілінің айтуынша, 2021жылдың үшінші тоқсанында 1309 арыз-шағым келіп түскен.

Құжаттар мамандар тарапынан қаралып, тұтынушыларға 31 млн. астам қаражат қайтарылған. Ал арыздардың басым бөлігі көлік қызметтері, бөлшек сауда және әлеуметтік желі саудасы бойынша түскен.

Айман Қожамұратова, Шымкент қаласы ТҚҚД бас маманы: «Бөлшек сауда 37% құрайды, көлік қызметтері 23%, ЖКХ 18%, интернет саудасы 12%, тұрмыс саудасы 10% құрайды. Арыздарды саралайтын болсақ, ақпарттық жүйеге 784 арыз, жедел желіге 354 арыз келіп түсті, жеке қабылдауда 119арыз қабылданса, жазбаша е-өтініш базасына 146 арыз қабылданып, қаралды».

Қазіргі уақытта комитетке 201 қоғамдық бірлестік тіркелген. Ал шымкенттік департамент 7 бірлестікпен жұмыс істейді. Сондай-ақ, Айман Ақанқызы биыл тұтынушылардың құқығын қорғау Заңына жаңа толықтырулар енгізу мақсатында тұжырымдама жасалғанын жеткізді. Тұжырымдама тұтынушы құқығын қорғаудың біртұтас жүйесін құру мақсатында жүзеге асып отыр.

Гүлдана Дәурен