Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бас қосуда ақпараттық технологиялар саласын дамыту жоспары қаралды.
Бүгінде 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маман даярлау міндеті тұр. Ол үшін бес жылдың ішінде 20 инновациялық бағдарламалау мектебін ашу, 50 өңірлік ЖОО-ны IT-компаниялар мен бейінді IT-ЖОО қамқорлығына беру, бағдарламалау мектептеріне 20 мың грант бөлу жоспарланып отыр.
2023 жылдан бастап Қазақстанның барлық орта мектептерінде «Информатика» пәнін ҰБТ-ға енгізе отырып, осы пән бойынша «Виртуалды мұғалім» жобасы да қолға алынады. Қазіргі кезде ШҚО-ның 150 мектебінде апробация басталды.
Шынар Оразова