Жастардың баспана мәселесі басты назарда

134

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғын үй, әлеуметтік көмек және сот орындаушысы тарапынан есеп-шоты бұғатталған тұрғындардың өтініштері қарастырылды. Осы мәселенің мән-жайын анықтап, заң жүзінде шешу мақсатында Шымкент қаласы әділет департаментінің маманы да қатысты. Қабылдау барысында елден шығуға тыйым салынған борышкердің мәселесі шешімін тапты.

Қала әкімінің орынбасары әр тұрғынды жеке тыңдап, баспана мәселесін шешу жолдарын қарастырды. Тұрғын үйге мұқтаж және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі жас тұрғын қабылдау барысында тұрғын үй сертификаты туралы алғаш есітіп отырғанын жеткізді. Қала әкімдігінің бастапқы жарна ретінде 1 миллион теңгеден қолдауына қызығушылық танытып, алдағы уақытта ипотекалық баспананы қарастыруға бел бумақ. Өйткені, қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше ол жастарға санаттары бойынша, зейнетақы аударымдары мен төлем қабілеттіліктеріне сәйкес несиелік баспанаға қол жеткізуге болады.

Ерғали Дәулетбекұлы сала мамандарына Шымкент қаласы бойынша жалпы кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар жөнінде талдау жасауды тапсырды. Бұл санаттағы азаматтардың өзекті мәселесін егжей-тегжейлі қарастырып, нақты шешімдер қабылдау қажет екендігін баса айтты.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі