Úı ANONS Еңбегі еленген жастар

Еңбегі еленген жастар

Шымкентте жастар саясатына белсене атсалысып жүрген бір топ жас марапатталды. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай оларға арнайы алғыс хат табысталды. Еңбегі еленгендер бұл құрметті зор жауапкершілік деп қабылдап, алдағы уақытта да ел дамуына үлес қоса беретіндерін атап өтті.

 

Шымкентте ел ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жүрген жалынды жастарға құрмет көрсетілді. Жастар саясатының дамуына сүбелі үлес қосып, қоғам игілігі жолында белсенділік танытқан 30 азамат арнайы марапатқа ие болды. Халыққа пайдасын тигізіп, өзгелерге үлгі болып жүрген жастар еңбектерінің еленгеніне ерекше қуанды.

 

НҰРЗАТ ЖҰМАН, СТУДЕНТ: «Бүгін міне үлкен марапатқа ие болып отырмын. 7 мамыр Отан қорғаушылар күнінде ЖРО осындай марапатты беріп отыр. Оған өте қуаныштымын. Әрине жастар саясатында, ЖРО-мен атқарылып жатқан жұмыстардың еленіп жатқанына өте қатты қуанып отырмын. Ел мен жеріміз дамуында үлес қосуында әлі де дайынбыз»

 

Жастар ресурстық орталығы бұл шараның жастарға серпін беретінін жеткізді. Олар ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген еріктілердің жұмысы лайықты құрметке ие болуы қажет екенін айтты.

 

ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М.У.А: «Бұндай шараның мақсаты — жастарымызға мотивация беру. Жалпы жасап жүрген қоғам үшін жасап жүрген жұмыстарын елеусіз қалдырмау мақсатында кішігірім болсын, басшылық тарапынан елеп-ескеріп, алғыс хат табыстау»

 

Марапат иелері бұл жетістікпен шектелмейтіндерін атап өтті. Олар алдағы мереке қарсаңында тыл еңбеккеріне арнайы барып, құрмет көрсетіп, құттықтау шарасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр екен.

Лаура Бабас