Úı ANONS Жетісайлық жігіт ALASH PRIDE чемпионы атанды

Жетісайлық жігіт ALASH PRIDE чемпионы атанды

Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінің Жаңа дәуір елді мекенінде 1995 жылы дүниеге келген Бағдос Олжабай 2021 жылдың 8 қазаны күні Алматы қаласында өткен Халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуге ие болды.

Орта Азияның Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің кіл мықты 8 спортшысы қатысқан ALASH PRIDE GRAND PRIX турнирінде Бағдос Олжабай елдің намысын қорғап, жанкүйерлерінің үмітін ақтады.

Жастайынан спорттың еркін күреспен айналысқан Бағдос Олжабай бүгінде Ұлттық спорт Жекпе-жек федерациясының спортшысы.

Бұған дейін де 2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен жекпе-жек спортының V фестивалінде және Қытайдың Пекин қаласында ММА-дан өткен әлем чемпионатында күміс жүлделерге ие болған.

ALASH PRIDE турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы.