Жоспар орындалды: Шымкентте 536 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін салдырған

123

Шымкент қаласы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқы 100 пайыз жопсарды орындады. Қаладағы вакциналауға жататын 536 мың тұрғын індетке қарсы екпенің І компонентін салдырған. Ал, ІІ компонентін 454 848 адам алған.

Ақ халаттылардың сөзінше, бұл – иммундау шарасының нәтижесі. Соңғы тәуліктегі бағалау матрицасы бойынша Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» енді. Індеттің таралуы бәсеңдеген үшінші мегаполисте инфекциялық стационардағы төсек орындар қысқартылды.

Айта кетейік, қаладағы барлық емханаларда ковидке қарсы вакцинациялау жұмысы аптаның жеті күнінде сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жанерке Хумар