Жыл басынан бері Шымкентте түрлі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 3 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылған. Бұл жөнінде 9 айдың қорытындысы бойынша қала әкімімне есеп берген қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы А.Рысжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл сайын кезекте тұрған азаматтарға пәтер белгіленген тәртіппен үлестіріліп келеді. Осы жылдың басынан тұрғын үй кезегінде тұрған 682 отбасы арендалық пәтермен қамтылған болса, жыл соңына дейін осы бағытта 294 отбасыға баспана беріледі. Және жыл басынан «Отбасы банк» арқылы «5-20-25»бағыты бойынша кредиттік тұрғын үймен 730 азамат қамтылған. Оның ішінде 261 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелгендер. Ал, «7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы жыл басынан бері қаламызда 1362 азамат алғашқы тұрғын үйді нарықтан несие рәсімдеп сатып алған.

Жыл соңына дейін кредиттік тұрғын үймен 4 413 отбасыны қамту жоспарлануда. Бұдан бөлек, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасымен 158 отбасы несие негізінде тұрғын жаймен қамтылып, оның ішінде 73 отбасыға алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаты берілді.

Жанерке Хумар